"AQUA ROSSA" ЖШС – RAUAN GROUP холдингінің еншілес компаниясы, ол Қазақстандағы алғашқы және жетекші өндірістік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компания 25 жылдан астам уақыт бойы жоғары сапалы өнімдер шығарып келеді.
2018 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент қаласындағы "Тассай" индустриалды аймағында ауыз су мен алкогольсіз сусындарды өндіру және құю зауыты салынды және пайдалануға берілді. Ең жаңа технологиялармен жабдықталған зауыт 5 гектар жеке аумақта орналасқан.
"AQUA ROSSA" брендтері Қазақстанның миллиондаған тұтынушыларына ғана емес, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай нарықтарында да кеңінен танымал. Компания өнімдері сапа сертификаттарына, сәйкестік сертификаттарына және "HALAL" сертификатына ие.